×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматыда метрода пранк жасаған үш жігіт жазаланды (видео)

18.11.2021, 10:15

Алматыда метрода пранк жасаған үш жігіт жазаланды. Бұл туралы инстаграм парақшасында Алматы қаласының полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рүстем Әбдірахманов жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Олар алматылық метрода жолаушыларға пранк жасаған. Музыкалық колонканың көмегімен ән дыбысын қатайтып, азаматтардың мазасын кетірген. Музыканың бірден қатты шыққанын кенет естіген кейбір адам қатты шошынып қалған. Солардың бірі полицияға жүгінді. Жібек жолы стансасында арыз жазды. Инспектордың заңды талабына пранк жасаушылар агрессивті түрде жауап қатқан», - деп жазады Рүстем Әбдірахманов.

19-22 жас аралығындағы жігіттер әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) жазаланды. Іс сотқа жолданды.

Жарияланған видеода пранкерлердің шетелдік әншілердің, отандық әншілерден Заттыбек Көпбосыновтың әнінің даусын үдетіп, жұртты шошытқанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары