×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Олимпиададағы жанжал: италиялық боксшы екі соққымен еліне қайтты

01.08.2024, 22:47
Олимпиададағы жанжал: италиялық боксшы екі соққымен еліне қайтты
Ашық дереккөзден

Италиялық боксшы Анжела Карини Париждегі Олимпиаданың 1/8 финалында Алжир елінің өкілі Иман Хелифке қарсы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анджела жекпе-жек басталғаннан кейінгі 47-секундта Иманмен өтіп жатқан жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Италиялық боксшы қыздың небәрі 2 соққыдан кейін-ақ беті қайтып қалды. Карини ортадағы төрешіден үзіліс сұрап, өз бұрышына кетіп құады. Бапкерлеріне «Мынаның соққысы сұмдық ауыр” деген ол жекпе-жектен түбегейлі бас тартты.

Төреші ойын қорытындысын жариялап, қарсыласының қолын көтерген сәтте италиялық ару барынша сабырлылық сақтағанымен, артынша эмоцияға беріліп, рингтің ортасында жылап жіберді.

Ал Хелифтің бұл шараға қатысуы бұған дейін де мәселе ретінде көтерілген. Ол гендерлік сынақтан өте алмағаны үшін 2023 жылғы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатынан шеттетіліп, содан бері бұл дау талқыланып келе жатыр.

Өйткені оның қанынан тестостерон артық мөлшерде анықталған. Десе де 2022 жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.