Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ішкі нарықта сәбилерге арналған киім-кешек пен аксессуарларды көбірек ала бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бюро осы жылдың қаңтар-мамыр айларында ішкі нарықта сәбилерге арналған киім мен оның аксессуарларын сату мөлшері 4,64 млрд теңгеге жеткенін хабарлайды. Негізінен бұл импорт тауарлары.
Жаңалықтың жақсысы – бұл бағытта ішкі нарықтағы өндіріс 314,7% өскен. Осы санаттағы 49,6 млн теңгеге тауар экспортқа жіберілген.
Биыл қаңтар-мамыр аралығында халықтың табиғи өсімі 118,58 мың адамды құрады, яғни нарықта сұраныс жоғары.