×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

️Алматы облысында әжетханаға түскен екі жігіт қайтыс болды

03.08.2024, 16:56
️Алматы облысында әжетханаға түскен екі жігіт қайтыс болды
ТЖМ

Алматы облысында телефон алмақшы болып әжетханаға бірінен-соң бірі түскен екі жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайтыс болған азаматтардың бірі 1995 жылы, екіншісі 2000 жылы туған.  Ауыл тұрғындарының айтуынша, ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған. Екінші жігіт ағасын құтқару үшін түскен.

«Республикалық жедел-құтқару» жасағы мекемесінің құтқарушылары мәйіттерді алып шығып, полицияға тапсырды. Құтқарушылар тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді. Ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы зат құлатып алсаңыз, түспеңіз! Улы газдардан улану және тұншығу қаупі бар», - дейді ТЖМ өкілдері.