×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Білім гранты: тасқын жүрген өңірлерге басымдық берілген

03.08.2024, 19:57
Білім гранты: тасқын жүрген өңірлерге басымдық берілген
Еgemen.kz

Оқу гранттарын үлестіру кезінде еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың талапкерлеріне басымдық берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен хабарланды.

Биыл мемлекет тарапынан жалпы бөлінетін гранттар саны 95 мыңға жуық.

Оның 78 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңы магистратураға, үш мыңы докторантураға бағытталған.

15 мыңнан астам грант тасқыннан зардап шеккен аймақтардың түлектеріне берілсе, 2000-ға жуық түлек елімізде ашылған шетелдік ЖОО филиалдарына оқуға түсті.  

Сондай-ақ министрлік өкілдерінің мәліметінше, стоматология мамандығына сұраныс артқан.