Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, ұстады.
Олар өткен жылдың қысында таңғы сағат 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.