Орал қалалық соты 46 жастағы Орынбай Оқасовтың «тыйым салынған экстремистік қозғалысқа қатысу» бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Судья Қайрат Өтешев атап өткендей, Оқасов заңсыз митингтерге қатысып, Қазақстанда тыйым салынған «ДВК» және «Көше партиясы» партиялары туралы ақпарат таратып, әлеуметтік желілердегі өз парақшасында жариялаған.
Өз кезегінде Оқасов Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік беретінін мәлімдеді.
Біздегі дереккөз бойынша, бас бостандығы шектелен Орынбай Оқасовқа саяси іс-шараларға қатысуға тыйым салынады. Бұл тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.
Айыпталушының құқығын қорғаған Павел Кочетков Оқасовтың заңмен қудалануын саяси қудалауға теңеді.
«Оқасов тарапынан ешқандай қылмысты мен байқамадым. Ол дұрыс айтады. Пікірін айтуға құқылы. Бұл жағдайда бұл – нағыз сөз бостандығын шектеу. Іс-материалдарында ешқандай дәлел жоқ. Бұл Оқасов үлгісінде халықты, азаматтық белсенділерді қорқыту әрекеті», - дейді ол.