×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жанар-жағармай мен дизель отынын шетелге шығаруға тыйым салу тағы ұзартылады

06.08.2024, 10:05
Жанар-жағармай мен дизель отынын шетелге шығаруға тыйым салу тағы ұзартылады
oilazs.ru

Энергетика минстрлігі жыл соңына дейін елімізден жанар-жағармай мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым салуды тағы ұзартуы мүмкін, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Ведомствода елімізден мұнай өнімдерін шетелге шығару мәселесіне арналған бұйрықтың жобасын қарастырылып жатыр.

Жобаға сәйкес, елімізден жарты жылға автокөліктің жанар-жағармайын, дизель отыны мен басқа да мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салу ұзартылады. Ал авиацияның отынын ғылыми-зерттеу жұмыстары болған жағдайда ғана шетелге шығаруға болады.

Бұл құжат 19 тамызға дейін көпшіліктің талқысына ұсынылады.

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЖАСЫРЫН ТҮРДЕ САТУДАН ТҮСЕТІН ТАБЫС – 10-20 МЛН ДОЛЛАР

19 наурызда мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған болатын. Былтыр тамыз айында жанар-жағармай мен дизель отынынын шетелге шығаруға тыйым салудың мерзімі ұзартылған еді.

Биылғы қаңтар айында сарапшылар дизель отынын жасырын түрде шетелге сатудан түсетін табыс 10-20 млн АҚШ доллары көлемінде болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, 17 мамырдан бастап елімізде шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі.