Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл алғашқы қоңырау жексенбіге қарамастан 1 қыркйүекте өткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Биыл 1 қыркүйек жексенбіге дәл келеді. Министр Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау күнін ауыстыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
– 1 қыркүйек - дәстүрлі түрде оқушылар үшін айтулы күн. Сондықтан 1 қыркүйекте білім күніне арналған жиын өткізіледі, - деді министр.
2024-2025 оқу жылы
Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады: