×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Хайп заманда көрсеткені жақсы үлгі емес – министр 1 балл алған түлек жайлы

06.08.2024, 12:19
Хайп заманда көрсеткені жақсы үлгі емес – министр 1 балл алған түлек жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған Ерасыл Уәлиев жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясат Нұрбек не дейді

– Біз қазір сіздермен хайп заманда өмір сүріп жатырмыз. Оны бізден жақсы білесіздер. Кейбір азаматтар өзінің қалыптан тыс шешімімен, түрімен, әрекетімен өзінің ерекшелігін көрсеткісі келеді. Шын мәнінде, бұл абитуриент ұлттық ҰБТ-ны екі рет тапсырған. Біріншісінде 94 балл алған. Екінші рет кірген кезде 4 минут қана отырған. Бұл алдын ала жоспарланған акция болған, – дейді министр.

Саясат Нұрбек мыңдаған бала үшін ҰБТ жоғары білім алудың амалы екенін айтып өтті.

– Бір адамның акциясына сол себепті баға бере алмаймын. “Мен міне, осындай стандарттан тыс адаммын” деп көрсеткісі келген шығар. Басқа балаларға бұл жақсы үлгі емес. Мыңдаған азаматтар гранттарды алып, өз жоспарын орындап жатыр. Ол сол әрекетімен позициясын білдірді. Конституцияға сәйкес, біздің елде сөз еркіндігі бар. Біз ешқашан баға бере алмаймыз. Ол 140 балл алған баламен кездесіп, әңгімелесіпті. Әркім сөз еркіндігі әртүрлі білдіреді. Ол да сондай шешімге келсе керек, – дейді министр.

Естеріңізде болса, біз бұған дейін де Ерасыл Уәлиев туралы жазған болатынбыз. 1 ұпай жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған.