×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Ұлыбританиядағы Қазақстан студенттеріне ескерту жасалды

06.08.2024, 17:04
Ұлыбританиядағы Қазақстан студенттеріне ескерту жасалды
REUTERS

Халықаралық бағдарламалар орталығы (ЦМП) Ұлыбританиядағы тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандық студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталықтың хабарлауынша, Ұлыбитанияның кейбір қалаларындағы тәртіпсіздіктер 30 шілдеде басталып, кейінгі күндері жағдай ушығып кеткен. Халықаралық бағдарламалар орталығының кураторлары осы қалаларда білім алып жатқан “Болашақ” бағдарламасы мен “500 ғалым” ғылыми тағылымдамасының стипендиаттарымен үнемі байланыста отыр.

– Стипендиаттар қабылдаушы елдің ережелерін сақтай отырып, қауіпсіз жерде екенін мәлімдейміз. Орталық Ұлыбританиядағы барлық стипендиаттарды адам көп жиналатын орындарға бармауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

Қажеттілік туындаған жағдайда қолдау мен көмек алу үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына хабарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Тәртіпсіздіктер

Тәртіпсіздіктерге Саутпорт қаласындағы үш қызды өлтірілуі себеп болған. Кісіні мигрант өлтірді деген қауесет тараған.

The Times газетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 420-дан астам адам ұсталған. Полиция тәртіпсіздіктің белсенді өзегін Англияның ұлтшыл Қорғаныс лигасының жақтаушылары құрайды деп санайды. Осы уақытта Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Үкіметтің төтенше комитетінің отырысын өткізді. Ол Үкімет тәртіпсіздіктерге қарсы тұру үшін полицейлердің үлкен контингентін бөлетінін хабарлады.