×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«ҚазМұнайГаздың» іс-шарасында 121,6 млн теңге жымқырылған

07.08.2024, 17:21
«ҚазМұнайГаздың»  іс-шарасында 121,6 млн теңге жымқырылған
gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-тың бұрынғы басқарма төрағасының 9 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

АЙЫПТАЛУШЫ ДУБАЙДА АҚША ЖЫМҚЫРЫП, КӘСІПКЕРДЕН ПАРА АЛҒАН

2 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды.

ҮКІМ ШЫҚТЫ

Ағабековке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін Алматы қаласының білім басқармасы мектептерінің бірінде ақша ұрланғаны анықталды. Тиісті материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне тапсырылды.