×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Жаңаөзенде 4,8 млрд теңгеге Smart мектеп салынады

19.11.2021, 10:44
Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына барып, Теңге, Қызылсай, Кендірлі ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралап қайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласы туу көрсеткіші бойынша облыста көш басында. Сәйкесінше мектепке деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 2020 жылы – 33,6 мың оқушы,  2021 жылы – 34,2 оқушы білім алса, 2025 жылы қала мектептерінде оқитын оқушылардың саны 37 мыңға артады деп жоспарланған. Мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында «Шаңырақ» шағын ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік  шеңберінде  1 500 орынға арналған Smart мектеп салу көзделіп отыр. Мектепте балалардың дамуына жан-жақты жағдай жасалады, атап айтқанда телестудия, ойын бөлмелері, шығармашылық зерттеулер үшін 3D принтері, робототехника кабинеттері, темір мен ағаш өңдеу шеберханалары жұмыс істейтін болады. Жоба құны 4,8 млрд. теңге.

Қала мектептерінде маман тапшылығы бар. Бүгінде білім ошақтарында математика, орыс тілі, ағылшын тілі және тарих пәнінің мұғалімдері жетіспейді.  Облыс әкімі мұғалімдермен тілдесу барысында кей мектептерде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген мамандардың үйлі болғанымен, көтерме қаражатты алмағаны белгілі болды. Нұрлан Ноғаев жауапты азаматтарға мәселенің анық-қанығына жетуді тапсырды.

«Бұл бағдарлама еліміздегі жас мамандарды әлеуметтік қолдау және кадр тапшылығын төмендетуге бағытталған. Осының арқасында біз мектептерді қажетті мамандармен қамтып отырмыз. Бұл бағдарламаның әрбір қатысушысына тиісті көтерме жәрдемақы төленіп, бағдарламадағы жеңілдіктер мен негізгі шарттарды түсіндіру керек. Ұлттың болашағына ықпал ететін ұстаздар. Сондықтан да педагогтарды қолдау біздің негізгі мақсатымыз болып қалады» - , деді Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары