Премьер-министр Олжас Бектенов Атырау әуежайының акцияларын жаңа иесіне беру жөнінде қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаулыға сәйкес, Атырау әуежайының барлық акциясы Катарда тіркелген QazAir Investments LLC – холдинг компанясына өтеді.
Қазір "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" компаниясы акцияларының 50%-ы жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы мемлекетке тиесілі.
Екінші жартысына түріктің Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş компаниясы ие.