Бас прокуратурада әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында өткізілген семинар барысында Ішкі істер министрлігінің өкілі кейінгі кезде күйеуіне арыз жазатын әйелдер азайып кеткенін айтқан. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде сол семинарға қатысқан журналист Айгүл Мүкей айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист не дейді
– Маған сол семниарда ұнағаны – Ішкі істер министрлігі өкілінің өкілі бәрін ашық айтып отыр. Оның сөзінше, кейінгі кезде әйелдер жағынан арыздар былтырдан қарағанда едәуір азайып кетті. Себебі әйелдер күйеулері қылмыстық жауапкершілікке тартылып кете ме деп қорқады. Иә, олар 102 нөміріне қоңырау шалады. Қоңырау тіркеледі. Бірақ полиция барғанда әйел арыз жазбайды. Ол қорқады, – дейді журналист.
ІІМ есебі
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, 2023 жылы 7 шілде мен 7 тамыз аралығында сот осындай әрекеттері үшін сот әкімшілікке жауапкершілікке 6 мыңға жуық адамды тартқан. Ал биыл сотқа дәл осы кезеңде тек 400 іс жеткен. Сол істердің жартысы тараптардың татуласуымен аяқталған.
Жаңа заң
Еске сала кетейік, биыл сәуірде мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған еді.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
Енгізілген нормалар
Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланған болатын.