×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбеде 8 адамның қазасынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Ақтөбеде 8 адамның қазасынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды
gov.kz

Хромтау аудандық соты жүк көлігінің жүргізушісін екі ай қамауда ұстау туралы қаулы шығарды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

КӨЛІКТІ БЕЛАРУСЬ АЗАМАТЫ ЖҮРГІЗГЕН

Жүк көлігінің жүргізуші Беларусь елінің азаматы болған.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілген азамат С.-ға қатысты тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот тергеу уақытында екі ай мерзіміне, яғни, 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ,

Еске сала кетсек, 7 тамызда Самара-Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Соның кесірінен 8 адам көз жұмды. Көлікте Маңғыстау облысындағы турнирге бара жатқан балалар мен ата-анлар және жаттықтырушы болған.