×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Бразилияда жолаушылар ұшағы құлап, 61 адам қаза тапты

10.08.2024, 10:13
TV Globo

Бразилияның Сан-Паулу қаласында ATR-72 жолаушылар ұшағы жерге құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуе қомпаниясының хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт кемесінің бортында 62 адам болған. Оның 58-і жолаушы және төртеуі экипаж мүшесі. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаждың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.

Дегенмен кейінірек Reuters агенттігі борттағылардың санын нақтылап, билетті сатып алғандардың бірі рейске кешігіп келгенін хабарлады.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, Бразилияның әскери полициясы жұмыс істеп жатыр. Ұшақ елді мекен аумағына құлаған. 

Әзірге апаттың нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұшақ Каскавелден (Парагвай және Аргентина шекарасына жақын Парана штаты) Гуарульхос әуежайына ұшып бара жатқан.

Әлеуметтік желіде үлкен аумақты жалын шарпыған, сондай-ақ ұшақтың фюзеляжынан түтін шығып жатқаны түсірілген видео тарады.

 

Серіктес жаңалықтары