×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Украина-Ресей соғысы: Ресейдің үш облысында КТО режимі енгізілді

10.08.2024, 13:02
Украина-Ресей соғысы: Ресейдің үш облысында КТО режимі енгізілді
РИА Новости

Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің мәлімдеуінше, Белгород, Курск және Брянск облыстарында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаудың диверсиялық-барлау күштерінің лаңкестік әрекеттері қаупінің жолын кесу үшін Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің төрағасы, Ресей ФСБ директоры А.В.Бортников Белгород, Брянск және Курск облыстарында 2024 жылғы 9 тамыздан бастап терроризмге қарсы операцияларды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады», деп түсіндірді ҰТК.

Ресейдің «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңына сәйкес, КТО аймағына кіру және шығу кезінде құжаттарды тексеруді, байланыстарды ажыратуды, қауіпсіздік күштерінің көлікті реквизициялау мүмкіндігін, қауіпсіздік күштерінің құқығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кез келген үй-жайға кіру және әртүрлі маңызды нысандардың күзету режимі күшейтіледі.