Қазақстан сейсмологтары Қырғыз Республикасы аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұндай ақпаратты Қазақстанның ұлттық деректер орталығы жариялады.
Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызында Астана уақыты бойынша 10 сағат 26 минутта Қырғызстанда жер сілкінісі болды.
Эпицентр координаттары: 42.67 с.е, 72.16 ш.б. MPV магнитудасы=4,4 энергетикалық класы K=9.8.
Еске сала кетсек, 8 тамызда Жапонияның Кюсю аралындағы 6,9 балдық жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды. Аралдағы пойыздардың қозғалысы шұғыл түрде тоқтатылды. Сонымен қатар, жер сілкінісі бастапқыда 6,9 бал болды, кейінірек 7,1-ге жетті.
Бұған дейін ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Рудный аумағында жер сілкінісін тіркеген болатын. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезгенін жазған болатынбыз.