×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Ақжайық" ФК ЖШС-ның бұрынғы директоры ұсталды

10.08.2024, 16:49
«Ақжайық" ФК ЖШС-ның бұрынғы директоры ұсталды
Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақжайық ФК» ЖШС бұрынғы директорын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ БҮЛДІРДІ?

Ол Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілген қызметтер түріндегі «Ақжайық ФК» ЖШС үшін бөлген жалпы сомасы 57 млн теңгеге бюджет қаражатын алдау арқылы жымқырды деп күдікке ілінді.

ТЕРГЕУ

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.