×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Елімізде «10 жасыл күн» республикалық челленджі басталды

10.08.2024, 17:10
Ашық дереккөзден

Еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын «10 жасыл күн» атты республикалық челлендж басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Аталған челлендж «Birgemiz: Taza Alem» жобасы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік жалпыұлттық қорымен «Тaza Alem» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылып жатыр.

«10 жасыл күн» атты челлендж аясында 10 күнде 10 эко әдеттер қалыптастыру жоспарланған. Оның ішінде «Эко сөмке уақыты», «Жаяу жүріңіз», «Жалпы энергия үнемдейтін шам», «Суды үнемдеу», «Қоқыс сұрыптау» және т.б бағыттары қарастырылған”, делінген министрлік хабарламасында.

Челлендждің негізгі мақсаты - азаматтардың экология саласына, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерлік қызметке қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғаттағы тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыруға бағыттау.

Қатысушылар #10ZHASYLKÚN челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде «10 жасыл күн» аясын фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.