Украина қарулы күштерінің шабуылына байланысты Ресейдің Курск облысынан 76 мыңнан астам ресейлік эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Артем Шаров 4,4 мыңнан астам адам уақытша орналастыру орталықтарына жіберілгенін айтты.
«Курск қаласында Курск облысының шекаралас аудандарындағы халыққа көмек көрсету үшін ведомствоаралық жедел штаб құрылды және жұмысын жалғастыруда. Жедел штаб жұмысының басым бағыты – осы аудандардың тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіру. Осы жұмыс басталғалы барлығы 76 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге уақытша көшірілді», деді ол.
Сондай-ақ жергілікті билік Курск облысының Беловск ауданындағы тұрғындарды эвакуациялауды тездету туралы шешім қабылдағаны белгілі болды, бірақ шенеуніктер жағдай «тұрақты» деп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы шабуылы 6 тамызда басталған. Украина президенті Владимир Зеленский Украина әскері таңғалдырарлық нәтижеге жетуді білетінін айтты.