×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы да қоқысқа толы "сәлемдеме" жіберді

11.08.2024, 14:04
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы да қоқысқа толы "сәлемдеме" жіберді
Видео кадры

Солтүстік Корея көршілес әрі бауырлас елдің аумағына тағы да қоқысқа толы әуе шарын ұшырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның "Йонхап" ақпарат агенттігі хабарлады. Күнгей елдің әскерилері тұрғындарға жерге құлаған шарларға жақындамауға кеңес берген. Әрі мұндай жағдайды бірден билік өкілдеріне хабар беруді ескертті.

Жалпы Корей Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяға 28 мамыр мен 2 маусым аралығында 15 тонна қоқыс салынған шар жіберген.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай қоқыс толтырылған бірнеше шар ұшырып жіберген еді.