×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Зеленский Украина әскерінің Ресей аумағында соғысып жатқанын растады

11.08.2024, 17:31
Українская правда

Украина президенті Владимир Зеленский Киев әскерлерінің Ресей жерінде соғысып жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  CNN ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Украина қарулы күштерінің Ресей жеріне басып кіргеніне бірнеше күн өткен. Украиналық әскердің Курск бағытында тұтқиылдан жасаған  шабуылынан Кремль кәдімгідей абдырап қалға болатын.

«Украина шын мәнінде әділдікті қалай қалпына келтіру керектігін білетінін және агрессорға қалай қысым көрсету керек екенін дәлелдеп отыр»,  деді Зеленский сенбі күні халыққа арнаған кешкі үндеуінде.

Президент соғысты басқыншының территориясына жылжытуға мүмкіндік берген Украина қарулы күштерінің әрбір бөлімшесіне алғысын білдірді. 

Бұл мәлімдеме Зеленскийдің Ресейді де, Украинаның одақтастарын да таң қалдырған басқыншылықты алғаш ресми мойындауы болды. Ресей жеріндегі украиналық сарбаздардың фотосуреттері, видеолары мен жеке жазбалары пайда бола бастағанымен, Ресми Киев операция туралы бірнеше күн жақ ашпаған еді.