Олимпиялық ойындар кезінде бокстан Өзбекстанның бас жаттықтырушысы Тулкин Киличевтің жеңіл салмақтағы шәкірті Хасанбой Дусматовтың екі дүркін Олимпиада чемпионы атанғаны хабарланғанда, жүрегі ұстап, бірнеше секунд ес-түсін жоғалтқан, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Upl.uz-дің мәліметіне қарағанда, Киличевтің жүрегі жаттығу алаңында Дусматовтың жеңісін атап өтіп жатқанда ұстаған. Оған Ұлыбритания құрамасының дәрігерлері – Хардж Сингх пен Робби Лиллис алғашқы көмек көрсеткен.
ЖЕҢІСТІ ТОЙЛАП ЖАТҚАНДА ЕСІНЕН АЙЫРЫЛА ЖАЗДАҒАН
Өзбек құрамасының жаттықтырушылары жаттығу алаңында жеңісті тойлап жатқан еді. Бір кезде жан-жақтан айқайлаған дауыстар шықты. Алғашқы болып жанымдағы әріптесім жүгіріп барды. Мен барғанда өзбек жаттықтырушысына жасанды демалу әдісін қолданып жатты. Дефибрилляторды алып шығып, мүмкін болса тезірек жәрдем көрсетуге тырыстық, - деді Лиллис.
Биылғы Олимпиада Өзбекстанның боксы үшін өте жемісті болды. Ала тақиялы ағайындар бір бокстың бір өзінен бес алтын медальді жеңіп алды. Олар: екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов пеен Баходир Жалолов. Сондай-ақ, Асадхуджа Муйдинхуджаев, Лазизбек Муллажонов пен Абдумалик Халоков.
Өзбекстан жапыкомандалық есепте 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, яғни 13 жүлде алып, 13-орынға тұрақтады.