×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Ресей шекарасына өту кезінде қиындық туындауы мүмкін – ҰҚК

Евгений Епанчинцев

Қазақстаннан Ресейге баратын көліктерде шекарадан өту кезінде қиындық болуы мүмкін, деп  хабарлады Ulysmedia.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

КӨЛІКТІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕКІ АПТАҒА ШЕКТЕЛЕДІ

Атап айтқанда, ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» Бақылау-өткізу пунктінде көліктердің қозғалысы 15 мен 28 тамызы аралығында шектелуі мүмкін екенін ескертті.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ, - делінген хабарламада.

ҰҚК осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұрайды.

РЕСЕЙ МИНИСТРІ ПУТИНГЕ МҰЗТАУДЫ МӘСЕЛЕ ЕТІП КӨТЕРДІ

Жуырда екі елдің шекарасына қатысты тағы бір хабар шыққан еді. Ресей экономикалық даму министрі Максим Решетников сол елдің басшысы Владимир Путинге Қазақстанмен шекара бойынша шешілмеген мәселе барын мәлімдеді.

Ресей министрі Қазақстанмен шекарада шешілмеген бір мәселе бар екенін, ол мәселе Алтайдағы Мұзтауға қатысты болып отырғанын атап айтты. Оның айтуынша, Үкіметаралық келісімге қол қою керек. Өйткені, тауға шығу үшін Қазақстан аумағымен жүруге тура келеді. Ал ол жерде шекаралық режим бар.