Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасыған өңірлерде баспанасыз қалған халық үшін уәде етілген үйлердің қаншасы салынып біткені жөнінде айтып берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Құрылыс қай уақытқа дейін жүргізіледі
Үкімет отырысынан кейін журналистердің алдына шыққан Қанат Шарлапаевқа журналистердің бірі су тасқынына байланысты сұрақ қойды.
– Биыл сіз шетелде демалмай, су тасқыны болған өңірлерді араладым дедіңіз. Су тасқыны болған өңірлерде қанша үй салынды, қай өңірлерде салынбады? Үйдің құрылысы күзге дейін біте ме? Құрылыс қашанға дейін жүргізіледі? – деп сұралды министрден.
Жауап
Қанат Шарлапаев қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 775 үй, Ақмола облысында 331 үй, Ақтөбе облысында 504 үй, Атырау облысында 100 үй салынып жатқанын айтты.
– Менің ойымша, қыркүйекке дейін (құрылыстың) 80 пайызын аяқтаймыз. Бірнеше нысан бар. Онда (құрылыс) 15-20 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Басты мақсатымыз – қыркүйектің соңына дейін құрылысты толық аяқтау. Бірақ 1 қыркүйекке дейін (құрылыстың) 80 пайызы аяқталады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысын алайық. Бөрілі мен Сырым аудандарында (үйдің құрылысы) толықтай аяқталды. Қазір Сырым ауданында 14 үй пайдалануға берілді. 25 тамызға дейін Сырым ауданында (үйдің құрылысын) соңына жетеді, – дейді ол.
Министрдің сөзінше, Ақтөбе облысындағы жағдай жаман емес. Тек 1 ауылда қиындық бар. Ол өте алыста орналасқан. Аудан (Ырғыз) орталығынан тағы 90 шақырым жүруі керек. Нұра ауылында жаңа үйлерді салынады. 15-20 қыркүйекке дейін ауылда үй құрылысын аяқтау көзделген.
– Ақмола облысында жағдай жаман емес. 15-20 қыркүйекке дейін (үйдің құрылысын) аяқтаймыз. Менің ойымша, 1 қыркүйекке дейін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында (құрылыстың) 80 пайызын бітеді. Қостанай облысындағы жағдай өте жақсы. Қазіргі таңда өңірде 50 үй пайдалануға берілді. Қалған 50 үйдің (құрылысын) 25 тамызға дейін аяқталады, – дейді ол.
“Үйсіз қалмайды”
Ақтөбе облысы Нұра ауылына дейін асфальт жоқ. Ондағы тұрғындар қыс түскенге дейін үйдің құрылысы бітпей қала ма деп қауіптенеді. Қанат Шарлапаев десе де олардың үйі жайлы “әрине, үлгереміз” деп уәде береді.
– Бұл ауылдың жағдайын жақсы білемін. Мен ол жаққа бірнеше рет өзім барып келдім. Одан кейін министрліктің өкілдері барады. Өткен аптада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы жерде болды. Қазіргі таңда Нұра ауылында 63 үй тұрғызылып жатыр. Көп үйдің қабырғасы көтеріліп, шатыры салынды. Әрине, қысқа дейін үлгереміз. Ауыл тұрғындары баспанасыз қалмайды, – дейді ол.
Шарлапаев қыс түскенге дейін су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар “үйсіз қалмайды” деп уәде береді.
Қазақстандағы су тасқыны
Биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.