АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтарға Американың визасын алу рәсімін жеңілдету жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
«ЕНДІ ВИЗА АЛУ ҮШІН КЕЗДЕСУГЕ КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ БОЛМАУЫ МҮМКІН»
Біз қазақстандықтар үшін виза алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған маңызды шараларды қолға алдық. Байқаған болсаңыздар, соңғы бір-екі жылда виза алу үшін сауалнамаға немесе кездесуге келу уақыты айтарлықтай қысқартылған болатын. Яғни, құжаттарды тапсырып, кездесуді күту аралығы - барынша қысқартылды. Егер қазақстандықтар АҚШ визасын алған болса және екінші рет визаға өтініш тапсырған болса, онда оларға виза алу үшін кездесуге келудің қажеті де болмауы мүмкін, — деді ол Ulysmedia тілшісі қойған сұраққа.
«АҚШ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРУ-ЖАРАҚ БЕРУГЕ ДЕ ДАЙЫН»
Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі АҚШ-тың елімізге қару-жарақты көптеп беруге дайын екенін айтқан еді.
АҚШ жалпы айтқанда, Қазақстанға көптеп қару-жарақ беруге қарсы емес. Осы мақсатта біздің елдер тығыз байланыс орнатқан. Біздің ел Қазақстанды қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын. Ол үшін әрине, әуелі келіссіздер болу керек, - деді ол.
Еске сала кетсек, жақында Қорғаныс министрлігі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасын жақсартқаны белгілі болды.