×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәсімовтың бұрынғы күйеубаласы Антикордан қашып жүр

14.08.2024, 12:00
Мәсімовтың бұрынғы күйеубаласы Антикордан қашып жүр
Коллаж Ulysmedia

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеубаласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздеуде жүр. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азамат Қапеновты іздеу жөнінде мәлімет 9 тамызда жарияланған. Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті іздестіріп жатыр. 

Қылмыстық істің егжей-тегжейі жарияланған мәліметтерде көрсетілмеген. Ал Антикор әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Ресейдегі іздеу

2024 жылдың қаңтарында Азамат Қапеновтың Ресейде іздестірілгені белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іс Анатолий Балушкиннің "БИПЭК-Авто" компаниясымен байланысты болуы мүмкін екені де хабарланған.

2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін Ulysmedia редакциясы өзінің үлкен қызы Тамилла Кәрімді алған Азамат Капенов жайлы жазған еді. 

Қапенов күйеубала болмас бұрын ҚазҰУ-ды "экономика және менеджмент", "құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ көлік және коммуникация академиясында "тасымал, қозғалыс және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқыған. 

Университеттен кейін Мәсімовтің болашақ күйеубаласы мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап Қапенов түрлі ұйымда басшылық лауазымды атқарды. Оның бірі — Қазақстан темір жолы.

Алайда күйеубала болғаннан кейін Қапеновтың тасы өрге домалады. Көлік қызметтері орталығының вице-президенті, Қазақстанның көлік холдингінде бас директордың орынбасары, Қазтеміртранс АҚ-та операция және логистика жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарды.