×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Павлодар тұрғыны көлікті өртеуге тапсырыс берген

Павлодар тұрғыны көлікті өртеуге тапсырыс берген
polisia.kz

Павлодар қаласында полиция көлікті өртеуге тапсырыс берген адамды ұстады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Сонымен бірге тәртіп сақшылары көлікті өртеген адамдарды да анықтап, оны қамауға алды.

Жедел-іздестіру операциясы кезінде павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеген адамдарды анықтады.

ҚЫЛМЫС ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН

Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген, - делінген хабарламада.

Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың айтуынша, мүлікті қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды.

Қылмысқа қатысты тағы бір оқиғаны айтсақ, бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданында 22 жастағы жігіттің 6 жастағы қызды зорлаған болуы мүмкін деген дерек шықты.

Осы оқиғаға қатысты полиция ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі «зорлау» бойынша тергеуді бастады.

Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу 120-бап, 4-бап бойынша жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.