Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ресейдің Украинамен шекаралас облыстарындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Мәлімдемеде ҰҚШҚ әзірше Ресейдің Курск облысындағы жағдайға байланысты Ұжымдық қакіпсіздік туралы шарт ұйымынан әскери көмектің сұрамағанын хабарлады.
«ӘЗІРШЕ РЕСЕЙДЕН ӨТІНІШ КЕЛГЕН ЖОҚ»
ҰҚШҰ қабылдаған процедураға сәйкес, ұйымға мүше ел әскери көмекті қажетсінсе, ұйымға ресми түрде қайырылуы керек. Курск облысындағы жағдайға байланысты Ресей тарабынан мұндай өтініш түскен жоқ, - делінген ресми жауапта.
Ұйымның хабарлауынша, әскери одақта ұжым әскерін қолдану мәселесі «консенсуспен» шешіледі. Яғни, мұндай шешімге ұйымға мүше елдердің барлығы келісуі керек. Олай болмаған жағдайда шешім қабылданбайды.
«СУДЖА ҚАЛАСЫНДА ОПЕРАЦИЯ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ»
Соғыс майданына келсек, соңғы ақпаратқа қарағанда, Украина Қарулы күштері Ресейдің Курск облысы Суджа қаласындағы операцияның аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский айтты.
Ол президент Владимир Зеленскийге берген есебінде Украина әскері 14 тамызда Курск облысындағы түрлі бағытта бір-екі шақырымға алға жылжығанын, бір күнде і жаудың 100-ден аса жауынгері тұтқынға алынғанын атап көрсетті.
Бұған дейін, Зеленский Украина әскерінің Ресейдің 74 елді мекенін баұылауда ұстап отырғанын хабарлаған еді. Ал кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Курск облысындағы шайқасқа байланысты ұстанымын айтты.
ҚАЗАҚСТАН ҰСТАНЫМЫН АЙТТЫ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазір дүниежүзінің елдері Ресей Федерациясының Курск облысындағы жағдайға алаңдап отырғанын, соғыс екі елге де оңай тимей, адам қазасының күн өткен сайын көбейіп жатқанын атап өтті.
Ол Қазақстанның саяси-дипломатиялық жолдарды кеңінен пайдаланып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді.
Қазақстанның ұстанымы осы, - деді ол.