×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елдос Сметов: Демеу Жадыраев – менің мотиваторым

16.08.2024, 07:55
Елдос Сметов: Демеу Жадыраев – менің мотиваторым
скриншот

Париж Олимпиадасының дзюдан чемпионы Елдос Сметов грек-рим күресінен күміс жүлдегер Демеу Жадыраев өз күш-қуатымен өзін жігерлендіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екі спортшының иық тіресе құшақтасып, сұрақтарға жауап берген сәтін спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіге жариялады.

– Демеу ағамыздың Олимпиадада екінші орын алғанын бәріміз көрдік. 31 жастамыз ғой. Күресті осымен аяқтайтын шығармын деп ойлағанмын. Шал болдық деп ойладық. “Шал кет” деген сөздер де айтылды. Сондай мәселемен миымыз уланып қалған еді. Бірақ жастың – тек сандардың ауысуы екеніне дәлел болған ағамыз Алланың қалауымен үлкен жетістікке жетті. Абыройымызды көтерді, көк туымызды желбіретті. Әнұран ойнамаса да, туымыз желбіреп тұрды. Ағамның жеңісін көргенде “мен әлі жас екенмін ғой” деген бір ой келді шыны керек, – дейді Елдос Сметов журналистің сұрағына берген жауабында.

Дзюдошы ары қарай күресті жалғастыруға Демеу мотиватор болғанын айтады. 

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен 77 келідегі ұлттық құраманың мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген еді. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Нао Кусакамен күресіп, 2:5 есебімен есе жіберді. 

Ал дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі Елдос Сметов финалдық белдесуде жарыс қожайыны Лука Мхеидзені вазари әдісімен жеңіп, алтын медаль иеленді.