×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңбыр мен күзгі салқын – ауа райының бүгінгі болжамы қандай

16.08.2024, 08:25
Жаңбыр мен күзгі салқын – ауа райының бүгінгі болжамы қандай
Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет жұма күні Қазақстанның өңірлерінде ауа райы қандай болатыны жөнінде болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге дейін соғады. Түнде ауа температурасы 24-26, күндіз қатты 33-35 градусқа барады.

Шымкентте жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 34-36 градус.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғып, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23 градус. Көкшетауда ауыспалы бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрлік жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 19-21 градус.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 метрге барып, орталықта, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 21-26 градус, ал облыстың таулы аудандарында 11-16 градус деңгейінде. Күндіз 33-38 градусқа дейін ыстық түседі. Облыстың таулы аудандарында 23-28 градус. Қонаевта көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метрге барып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз қатты ыстық 35-37 градусқа барады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге, шығыста, орталықта, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге барады. Түнде ауа температурасы 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15, күндіз қатты ыстық 32-37 градусқа дейін көрсетеді. Облыстың таулы аудандарында 23-28 градус. Талдықорғанда ауыспалы бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыс жел 7-12, найзағай кезінде екпіні секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус.

Түркістан облысында күн жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метрлік жел соқса, бұл екпін облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 32-37, облыстың таулы аудандарында 29 градус. Түркістанда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 22-24 градус болса, күндіз 35-37 градус ыстықты көрсетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 12-17 градусқа дейін суыса, күндіз термометр бағаны 23-28 градусты көрсетеді. Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 градус.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс жел 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 градус. Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс жел түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығы, батысы, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел батыс, оңтүстік-батыс 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың батысында 22 градус болады. Күндіз 27-32 градусқа дейін ысиды. Ақтауда көшпелі бұлт жүріп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыс, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 27-29 градусқа барады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыс, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін соғады, күндіз оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, облыстың оңтүстігінде 16 градус, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градусты көрсетеді. Ақтөбеде көшпелі бұлт жүріп, түнде аздаған жаңбыр жауады. Жел батыс, солтүстік-батыс секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус.

Түнде Қостанай облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14 градус, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус. Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 градус болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз де жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс жел секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында 23 градус. Петропавлда айнымалы бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 жылу.

Түнде Павлодар облысының орталығында, шығысы, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан 9-14 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 22-27 градус. Павлодарда көшпелі бұлт жүреді. Түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай болады. Батыстан соққан жел 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 градус.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте, облыстың орталығына тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с, кейде екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 градусқа дейін ысиды. Қарағандыда түнде жаңбыр, күндіз аздап жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс, батыс 9-14 м/с, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы 11-13, күндіз 22-24 градус.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың батысында 19, күндіз 19-24, батыста, облыстың орталығында 27 градус. Жезқазғанда күн жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, батыстан секундына 9-14 метр дейін соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл көтеріледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай секундына 9-14 метр деңгейінде соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге барады. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың шығысында 13 градус, күндіз күн 30-35 градусқа дейін ысиды. Облыстың солтүстігінде, шығысында 26 градус. Өскеменде көшпелі бұлт жүреді. Таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Күндіз екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус.

Абай облысының орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз шығыста, облыстың орталығында бұршақ жауып, дауыл көтеріледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9-14 м/с. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге барады. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында 13, күндіз 27-32, облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық. Семейде көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7-12 ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 ыстық.

Түнде Қызылорда облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыстан соққан жел 9-14 м/с. Күндіз солтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 ыстық. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс жел 9-14 м/с. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 30-35, облыстың таулы аудандарында 27 градус. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус.