×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде ғылым саласында әйелдер неге аз?

18.08.2024, 11:08
Елімізде ғылым саласында әйелдер неге аз?
Еgemen.kz

Қазақстанда қазір 22 456 ғалым бар, олардың 9691-і әйелдер, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Расында бүгінде ғылыми ортадағы әйелдер үлесінің төмендігі жайында қоғамдық пікір қалыптасқаны жасырын емес. Осы ретте арадағы алшақтық қашан теңеседі деген сұрақ туады. Ал тиісті министрлік бұл бағытта қандай шаруаларды қолға алып отыр? “Отандық ғылымдағы қыз-келіншектердің үлесі неге аз және бұл олқылықты жоюдың жолдары қандай?” деген сұраққа ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дархан Ахмед-Заки 24kz телеарнасының “Сұхбат” бағдарламасында жауап берді.

ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨБЕЙГЕН

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ғылымға келіп жатқан жастардың саны былтырға қарағанда кәдімгідей көбейген екен.

“Ғылымға биыл 1,5 мыңдай адам келді. Бұл енді жалақыны көтергеннің арқасында мүмкін болып отыр. Екіншіден, көп университеттер бүгінде бағдарламасын да өзгертіп жатыр. Яғни олар – бакалавриат деңгейінен бастап, ғылыми зерттеулерге баулу құзырларын арттыратын бағдарламалар. Соның нәтижесінде 1-курстан келген адам өзінің студенттік деңгейдегі ізденісін жүзеге асырып, бакалавриат деңгейінен магистратураны жалғастыра алады. Кейін PhD-ға түседі де, нәтижесінде өзіне керекті ғылыми дәреже алады”, дейді вице-министр.

PhD ГРАНТТАРЫ АРТТЫ

Д.Ахмет-Заки соңғы жылдары PhD-ға түсу гранттары артып келе жатқанын айтып өтті. Биылдың өзінде қосымша 1000 грант қосылады.

“Түбінде біздің мемлекеттік тапсырыс 5000 PhD грантпен толығымен қамтылса, осы мүмкіндік арқылы өзіңіз айтып отырған қыз-келіншектер де ғылыми жұмыстарын жүзеге асырады деп ойлаймын. 

Тағы бір ерекшелік қазіргі таңда бизнес пен кәсіпкерліктегі технологияларлы оңтайландыратын индустриялық PhD-ға тағы да қосымша гранттар бөліп жатырмыз. Яғни өндірісте жұмыс істеп жүрген азаматтар ғылыми жұмыспен айналысатын болса университеттерге осындай гранттар арқылы оқуға түсе алады, дейді министрдің орынбасары.

Дархан Ахмед-Заки баспанамен қамтамасыз ету жолға қойылып, одан кейін ғылыми дәрежелер мен атақтарға төленетін ақшаның да көлемі көбейгенін атап өтті.

“Бұрын 17 АЕК еді, қазір 50 АЕК-ке дейін жетеді. Қазір ғылыми атақ алу оңай емес. Диссертация қорғағаннан кейін қосымша жұмыс істеу керек. Осының барлығы ғылыми қызметкерлердің санын арттыруға мүмкіндік бермек, деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дархан Ахмед-Заки.