×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қытай Тайваньда өкілдігін ашқан Литвамен дипбайланыс деңгейін қысқартты

21.11.2021, 10:45
Қытай Тайваньда өкілдігін ашқан Литвамен дипбайланыс деңгейін қысқартты
Фото: Ашық дереккөзден

Қытай Литвамен дипломатиялық қарым-қатынас деңгейін қысқартты. Бұл шешім арқылы ресми Бейжің Вальнюста Тайвань өкілдігін ашқан Литваға жауап беріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚХР СІМ Вильнюстың тайваньдық әкімшілікке тиісті рұқсат беріп отырғанын, Бейжің тарапының табанды қарсылығын елемегенін мәлімдеді.

«Қытай осыған байланысты шұғыл наразылық пен табанды қарсылық білдіріп, Қытай тарапы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды сенімді өкіл деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Әлемде бір ғана Қытай бар. Ал ҚХР үкіметі Қытайдың жалғыз заңды үкіметі. «Бір Қытай» қағидаты өз кезегінде халықаралық қоғамдастықтың жалпыға ортақ келісімі және халықаралық қатынастардың жалпыға бірдей танылған нормасы, сондай-ақ Қытай мен Литва арасындағы екіжақты қатынастардың дамуының саяси негізі болып есептеледі», – деп мәлімдеме таратты ҚХР СІМ.

ҚХР Сыртқы істер министрлігі Тайваньның «өкілдігін» аша отырып, Литва «жаман халықаралық үлгі» көрсеткенін қосып өтті.