×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Қазақстанда 3 жаңа сот қызметі іске қосылады

19.08.2024, 11:43
ашық дереккөзден

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді.

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Жоғарғы Сотта кассациялық соттарды құру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғарғы соттың хабарлауынша,  2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді.

Отырыс тиісті заң жобасын қоғамдық талқылау аясында «жаппай” кассациялық сатыға жоғары сұранысты ескере отырып өтті.

Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Парламентаризм институтының басшылығы, Бас прокуратура мен заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Ұсыныстарды мәжілісмендер Марат Башимов, Бақытжан Базарбек және Нұрсұлтан Байтілесов, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай, Жоғарғы соттың отставкадағы судьясы Гүлнар Рыспекова, заңгерлер Бақыт Тұқұлов және Гүлнара Сүлейменова жасады.

Жалпы, барлық баяндамашылар кассациялық соттардың құрылуын қолдай отырып, олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сындарлы пікірталас өтті, оның қорытындысы бойынша парламентшілер мен сот корпусы бейтарап, әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды заң қоғамдастығымен одан әрі талқылауға дайын екендіктерін растады.