×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түрмелердің бастығына түрмесіз жаза: СҚО-да ірі шенеунік сотталды

19.08.2024, 13:57
Түрмелердің бастығына түрмесіз жаза: СҚО-да ірі шенеунік сотталды
Фото: Ашық дереккөзден

Антикордың ісі бойынша СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор не дейді

Агенттік Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы А. Мұстафиновқа үкім шыққанын хабарлайды.

– Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы кімдер жазаға тартылды

Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмауы үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Атап айтқанда, Комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланған.

Осы бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды.