×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақсуда ұсталған педофил партия мүшесі ме: AMANAT жауап берді

19.08.2024, 14:17
Ақсуда ұсталған педофил партия мүшесі ме: AMANAT жауап берді
Фото: Ашық дереккөзден

 «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі Ақсуда ұсталған педофилдің елдің бас партиясына қатысы бар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Партияның жауабы

– Биыл тамыз айында Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады, – делінген жауапта.

Партия құқық қорғау органдарына осы оқиға бойынша тиісті сұрау салмақ.

Ақсу аудандық полиция бөлімі бұған дейін кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.