×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Күрестен Аммандағы әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан финалға шықты

20.08.2024, 10:02
Күрестен Аммандағы әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан финалға шықты
Фото: UWW

Бүгін кілемге шыққан балуандар арасынан екі қазақстандық балуан финалға шықты. 

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынауда. Бүгін кілемге шыққан балуандар арасынан екі қазақстандық балуан финалға шықты. 

55 келі салмақта Алпамыс Болатұлы ақтық сынға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы - америкалық  Джейден Скотт Рэйни. 

80 келідегі Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы - нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин. 

Сондай-ақ, 48 келідегі Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген. 

Айта кетейік, биылғы Париж Олимпиадасында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте жарыста 43-орынмен аяқтады.