Алматы полициясы төрт пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты тұтқындады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Алматы полициясының қызметкерлері пәтер тонауға машықтанған қылмыстық топты ұстады.
Қазіргі кезде ұсталғандардың төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды.
КҮДІКТІЛЕР ҰРЛЫҚҚА ТӨРТ ҮЙГЕ ТҮСКЕН
Күдіктілер үй иелерінің үйде жоқтығын тексеріп алып, үйге кіріп отырған. Олар білдіртпей әкетуге болатын барлық заттарды – алтын бұйымдарды, ақша мен тұрмыстық заттарды алып кеткен. Соңғы қылмыс қаланың Алатау ауданында тіркелді. Күдіктілер пәтерге кірген соң басқа адамның зергерлік бұйымдарын ұрлаған, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Күдіктілер – 28 жаста. Екеуі де Алматы облысының тумасы. Бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Қазір «қылмыстық дуэттің» мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жақында Атырауда да полиция тұрғындарды тонаған үш күдіктіні ұстады.