Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекітті. Одан бөлек жарының келісімінсіз несие бермеу керек деген депутаттардың бастамасы да жақында күшіне енеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Құжат жайлы
Қағидаларда микроқаржы омбудсманын сайлау тәртібі, өкілдер кеңесінің немесе омбудсманның өзінің бастамасы бойынша микроқаржы омбудсменының қызметін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері, сондай-ақ микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыру тәртібі белгіленген.
Заңда микроқаржы омбудсменының кандидатурасына қойылатын талаптар айқындалады, оның ішінде кредиторлармен, Агенттікпен және Ұлттық Банкпен үлестестік болмауға тиіс.
Коллекторларға берілген дауларды қарайды
Заң 21 желтоқсаннан бастап алғаш рет микроқаржы омбудсманының институты енгізеді. Ол азаматтардың микрокредит беру туралы шарттар бойынша дауларын, оның ішінде азаматтардың микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешектерін реттеу мәселелерін, шарттар бойынша коллекторларға берілген дауларды қарайды.
Жарының келісімі керек
Одан бөлек Қаржы нарығын реттеу агенттігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің келісімінсіз несие ала алмайтын ережелерді бекітті. Өзгерістер 1 қыркүйектен басталады:
Жаңа ережелер бойынша, егер банк екінші жұбайынан несие алуға рұқсат алмаса, онда ол несиені есептен шығаруға міндетті болады.