×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бибісара Асаубаева Грузиядағы турнирде көш бастап келеді

Бибісара Асаубаева Грузиядағы турнирде көш бастап келеді
Шамкен Байырбек

Бибісара Асаубаева шахматтан әйелдер арасында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өтіп жатқан 2024-2025 жылғы Гран-придің алғашқы кезеңінде көш бастады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ол екінші турда жергілікті шахматшы Лела Джавахишвилимен тең ойнап қалды.

ШАХМАТШЫ ҚАРСЫЛАСЫН АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢДІ

Кеше Асаубаева Испания құрамасы атынан қатысып жатқан ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехпен ақ тастармен ойнап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Енді үшінші раундта Бибісара Асаубаева Украинаның өкілі Мария Музычкпен, содан кейін Алина Кашлинскамен ойнайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Грузияның астанасы Тбилиси қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) әйелдер арасында шахматты дамытуға бағытталған ең үлкен турнирі жалау көтереді. Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-придің барлық кезеңінде жалғыз өзі сынға түсіп жатыр.