×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматының орталығында есірткі белгісін қоюшы ұсталды

21.08.2024, 08:54
Алматының орталығында есірткі белгісін қоюшы ұсталды
Фото: instagram/almaty_police_department

Есірткі бетбелгісін қоюмен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Полицейлер Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында арнайы іс-шара жүргізді, деп хабарлады Ulysmedia.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел мәліметтер бойынша, есірткі бетбелгісін қоюмен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

«Жеке тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 байлам, күдіктінің көлігінен тағы 30 дана осыған ұқсас байламдар табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаланы есірткімен қамтамасыз еткен арна да, ұсталған азаматтың «жұмыс берушісі» де анықталуда», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылғаны туралы жазған болатынбыз.