×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теңгенің еркіне кеткеніне 9 жыл: Девальвация тоқтады ма

21.08.2024, 09:30
Теңгенің еркіне кеткеніне 9 жыл: Девальвация тоқтады ма
Фото: Pixabay

Осыдан тура тоғыз жыл бұрын, 2015 жылы тамызында Қазақстан ақша-кредит саясатының инфляцияны таргеттеу режимне көшті.

Осыдан тура тоғыз жыл бұрын, 2015 жылы тамызында Қазақстан ақша-кредит саясатының инфляцияны таргеттеу режиміне көшті. Теңге бағамы еркін айналымға жіберілді. Содан бері төл валютамыздың бағамы қор биржасындағы сұраныс пен ұсынысқа сай қалыптасады. Мұндай режимде монетарлық билік бағамды директивті түрде өзгерте алмайды. Яғни, девальвация жасау мүмін емес. Алайда, тоғыз жыл өтсе де, «девальвация» сөзі әлі күнге дейін күн тәртібінен кетпей келеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

“Валютаның еркін айналымы режимінде тек «depreciation» - құнсыздану, және «appreciation» - нығаю деген ұғымдар бар. Ал, «девальвация» сөзін ұмыту керек. Терминдерді дұрыс қолданатын уақыт жеткен шығар. Тоғыз жыл аз емес”,- деп жазды Facebook-те Ұлттық банктің баспасөз хаьшысы Асан Қалиахмет.

АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ РЕЖИМІ МЕН МАҚСАТЫ

Ақша-кредит саясаты, АКС – бағаны тұрақтандыру үшін экономикадағы ақша құнын реттеуге бағытталған кешенді шаралар. Ортамерзімді перспективада инфляция деңгейін тұрақтандыру деп – ақша құны мен халықтың әл-ауқатының сақталуының негізгі факторын айтуға болады.

2015 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы негізінде инфляцияны таргеттеу режимінде жүргізеді, оның түпкі мақсаты – бағаны тұрақтандыру.

2023 жылдан бастап ақша-кредит саясатының мақсаты – 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясына сәйкес ортамерзімді кезеңде жылдық инфляцияны 5%-ға жақын ұстау.

АЙЫРБАС БАҒАМЫ НЕЛІКТЕН ҚҰБЫЛМАЛЫ?

Теңгенің құбылмалы айырбас бағамы сыртқы шокқа бірден жауап беруге және негізгі факторлар өзгергеннен кейін қысқа мерзімде тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл экономиканың барлық секторы мен қаржы нарығындағы сегменттердің тұрақты дамуына кәдімгідей ықпал етеді.

Ұлттық Банк бағам құру процесіне араласпайды. Алайда, теңге бағамы шамадан тыс өзгеріске ұшырамас үшін, қаржы жүйесі тұрақты болуы үшін интервенция жүргізу құқығы сақталады. Жалпы, интервенция еркін өзгермелі валюта бағамының саясатына қайшы келмейді.

КЕЛІМБЕТОВПЕН “КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ”

Ресми Қазақстанда соңғы девальвация 2014 жылы болды. 11 ақпанда бір күнде 100 доллар 150-ден 185 теңгеге дейін өсіп кетті. Бұл күн "қара сейсенбі" деп аталды. Оған түрткі болған төмендегі себептер деп түсіндірілді:

Ресей рублінің долларға байланысты әлсіреуі;

Тұтыну тауарларының импортына байланысты проблемалар;

Алыпсатарлықты күшейту, соның салдарынан Ұлттық банк теңгені интервенциялармен қолдауға мәжбүр болды;

Бас банкир курстың өзгеретіні туралы сол күні түнде білгенін айтты. Қайрат Келімбетовтің көзін жыпылықтатып, ештеңеден бейхар адам ретінде брифинг бергені біразға дейін елдің ыза аралас күлкісін туғызғаны есте.