Қазақстанда ет пен құс еті бір жылда 11 пайызға қымбаттады хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қой етінің бағасы болса, 16%-ға көтеріліп отыр.
«Жалпы, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының дерегінше, әлемде ет пен құс етінің баға индексі 112,1 тармақты құрап, бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,3 тармаққа немесе 22,1%-ға артықты көрсетті», – дейді зерттеушілер.
Елімізде мұндай көрсеткіш 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биылғы қазанда 10,7%-ға өскен және жылдық өсімде ең жоғары деңгейді байқатуда.
Сонымен Қазақстанда қой мен құс еті 15,7%-ға қымбаттаса, жылқы еті – 11,2%-ға, шошқа еті — 8,7%-ға және сиыр еті – 8,6%-ға өсті.
Бәрінен бұрын қазан айындағы жағдай бойынша жылқы еті қалтаға салмақ түсіріп, бір келі үшін орта есеппен 2557 теңгені межелеуде. Одан кейін қой еті (келісі 2399 теңге) және сиыр еті (келісі 2234 теңге) тұр. ҚР қалаларында шошқа етінің бөлшек сауда бағасы орташа есеппен келісіне 1808 теңгені маңайласа, тауық 1047 теңгені құрауда.