×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей және Украина азаматтарына іздеу жарияланды

23.08.2024, 10:26
Ресей және Украина азаматтарына іздеу жарияланды
Фото: видеодан алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі 4 азаматқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі 4 азаматқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іздеу салынғандар:

Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;

Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;

Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;

Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.

«Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз:

+7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша,

+7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша,

+7-727-279-20-86 - кезекші бөлім.

Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі», - делінген хабарламада.