Ұлттық банктің есебі бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы қарызы 64,8 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыз көлемі 2021 жылдың 1 қарашасы бойынша 64,8 млрд теңгені құрап отыр», - делінген есепте.
Ұлттық банк сонымен қатар осы жылдың тамызында аталмыш қарыз көлемі 51 млрд теңге құрағанын хабарлайды. Ал қыркүйекте бұл сома 66,2 млрд теңгені, ал қазанда 65,3 млрд теңгені құраған.