×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Алматы мектептерінде 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау іс-шарасы өткізілмейді

23.08.2024, 14:05
Алматы мектептерінде 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау іс-шарасы өткізілмейді
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда 1 қыркүйекте мектептерде "линейка" мен алғашқы қоңырау өткізілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 1 қыркүйекте бізде демалыс. Балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз, - деді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

1 қыркүйек демалыс - жексенбі күнге келіп тұр. 2 қыркүйек күні таңертең 10-15 минуттық жиын болады деген жоспар бар.

– 2 қыркүйекте бірінші сынып оқушыларын дәстүр бойынша бірінші сыныпқа кіргіземіз. Қысқа жиын болады. Алматының барлық мектептерінде, - деп түсіндірді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай.

Министр не деді

Бұған дейін министр Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау күнін ауыстыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берген еді.

– 1 қыркүйек - дәстүрлі түрде оқушылар үшін айтулы күн. Сондықтан 1 қыркүйекте білім күніне арналған жиын өткізіледі, - деді министр. 

2024-2025 оқу жылы
 
Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады:

  • I тоқсан: 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан 3 қарашаға дейін).
  • II тоқсан: 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін).
  • III тоқсан: 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз).
  • IV тоқсан: 8 оқу аптасы. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс - 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпан).