×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

1 қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімге ақысы төленуі тиіс – министрлік

23.08.2024, 14:59
1 қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімге ақысы төленуі тиіс – министрлік
Фото: Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Министрліктің хабарламасы

2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. 

2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні  – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады. 

Педагогтарға ақы төлеу

– Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті екенін хабарлаймыз, – делінген хабарламада.

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді.