Алматыда жыл басынан 296 адам коронавирус жұқтырған, оның 21-і - сәби, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
Қазіргі таңда дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар. Олардың 20-сы жұмыс жағдайында анықталған науқастар. Ал 13-і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды,— деді департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова.